Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қаруды өтеулі сатып алу акциясын жүргізуде

СҚО полицейлері қаруды өтеулі сатып алу акциясын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғыны 16 калибрлі белгісіз маркалы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын ертікті-өтеулі түрде тапсырды. Қару сараптамаға жіберілді. Мамандар қарудың техникалық жағдайын тексеріп, криминалдық есептер бойынша тексереді. Тексеру жұмыстарының нәтижелері бойынша ауыл тұрғынына ақшалай сыйақы төленеді.

Азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өтеулі негізде алу жөніндегі акция 25 сәуірден бастап жүргізілуде. Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қарулы қылмыстардың жасалуының алдын алу.

Акцияның үш күнінде облыста аумақтық ішкі істер органдарына 21 бірлік қаруды ерікті түрде тапсыру туралы 19 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 17-сі – тегіс ұңғылы және 4-уі – иір ойықты.

Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматқа қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем қарастырылған.

– Тіркелмеген қарулар көбінесе қауіпсіздік шараларын ұстанбай сақталады. Ол ұрланып, қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Қаруды заңсыз сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік арқалауыңыз мүмкін. Жауапкершіліктен тек қаруды ерікті түрде тапсырған кезде құтылуға болады. Қаруды тапсыру туралы толық ақпаратты аумақтық полиция бөлімдерінен не болмаса 102 телефоны арқылы алуға, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру