Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қасақана шөп өртеген тұрғындарды қолға түсірді

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қасақана шөп өртеген тұрғындарды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз қылмыскер Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылының 37 жастағы тұрғынына 600 мыңнан астам шығын келтірді. 17 қарашаға қараған түні бақшасында жатқан оралған шөбін өртеп жіберген. 25 тонна шөп өртенді. Ауыл тұрғыны полицияға жүгінген. Жедел-тергеу тобы учаскелік полиция инспекторының көмегімен ауданның 1989 жылы туған екі тұрғынының іске қатыстылығын анықтады. Күдіктілердің айтуынша, олар спирттік ішімдік ішіп, жәбірленушіні жақтырмауларынан оған зиян келтіргілері келген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілерге қатысты “келу туралы міндеттеме” түріндегі мәжбүрлеу шарасы қолданды.

– ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған іс-әрекетті қарастырады, – деп түсіндірді Ғ.Мүсірепов ат. ауданның ПБ бастығы Марат Әлжанов. Абырой болғанда, өрт қора-қопсыға, үйге тараған жоқ. Үйде иесінен басқа отбасы мүшелері болатын. Өрт сөндірушілер өртті тез арада ауыздықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру