Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қос қылмысты «ізін суытпай» ашты

СҚО полицейлері қос қылмысты «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің онына қараған түні белгісіз қылмыскер пластикалық терезені майыстыру арқылы СҚО Қызылжар ауданы Кондратовка ауылындағы дүкендердің біріне кіріп, төлем терминалын бұзған. Келтірілген шығын сомасы 250 мың теңгеден астам. Дүкен иесі, жергілікті тұрғын полицияға жүгінген. Қылмыс орнына жедел-тергеу тобы, сондай-ақ аудандық ПБ басшылығы шықты. Темір жолға қарай беттеген екі күдікті ер адамдарды көрген куәгер табылды. Біреуінің ауызша портреті жедел уәкілдерге жақсы таныс еді. Сипаттамаға бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны және есірткімен заңсыз айналысқаны үшін бірнеше рет сотты болған 30 жастағы жергілікті тұрғын келді. Ер адамдар Кондратовка ауылынан үш шақырымдай жерде, темір жол бойынан ұсталды.

Сол күні таңертең полицияға Оңтүстік-Орал темір жол өкілі жүгінді. Белгісіз қылмыскер құлыпты бұзып, Кондратовка станциясындағы қоймаға кіріп, пойызды тоқтату үшін сигнал беруге арналған 12 петарданы ұрлап кеткен. Жедел-тергеу құрамындағы криминалист қаскөйдің қалдырған іздерін жазбай таныды – барлық белгілері бойынша дүкендегі ұрлыққа қатысты адам екені белгілі болды. Айналаны тексеру кезінде екі лақтырылған петарда табылды. Ұсталған күдікті кінәсін теріске шығармады. Оның айтуынша, ол алкогольдің масаң күйде болған, сол себептен петарданың не үшін қажет болғанын және оларды қайда тастап кеткенін түсіндіре алмайды.

– Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық), сондай-ақ ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деп хабарлайды аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Пётр Климов. – Бұрын сотты болған ауыл тұрғыны іс бойынша күдікті, ал оның серіктесі қорғауға құқығы бар куәгер ретінде өтуде. Ақша қаражатының бір бөлігі мен екі петарда алынды, қалған мүлікті іздеу бойынша шаралар қабылдануда. Кәсіпкерлердің бизнес-объектілерінің қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанысын ойлаған жөн. Техникалық нығайтылу, физикалық және пульттік күзет, бейнебақылау камераларын орнату – бұл құралдар қылмыс жасалудың тәуекелін барынша азайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру