СҚО полицейлері қылмыс жасалған орыннан 20 шақырым жерде мал ұрысын ұстады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қылмыс жасалған орыннан 20 шақырым жерде мал ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл ауданының Суаткөл ауылының қырағы тұрғыны бөгде Audi-80 көлігін байқаған соң, еркін жайылымда жүрген қойларын санап, екі бас қошқарының жоғалғанын анықтаған. Ауыл тұрғыны көп кешікпей полицияға жүгінеді. Жеке құрамға күдіктіні ұстауға бағдар берілді. Суаткөлден 20 шақырым жерде көлігінің артқы бөлігі жер сызған көлік тоқтатылған. Жүксалғышта байлаулы екі қошқар жатқан. Жүргізуші, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 34 жастағы аудан тұрғыны жануарларды міне сатып алдым деп айтқан, алайда ешқандай растайтын құжат көрсете алмаған. Жедел-тергеу тобы оның мал ұрлауға қатысы барын анықтады. Шығын 80 мың теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жануарлар иесіне қайтарылды, еркін жайлымға жібергені үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
– Қаңғыбас малдар – мал ұрыларының олжасына айналады, – дейді аудандық ПБ бастығы Асан Мейрамов — Осындай жағдайлармен күресу қылмыстар санының азаюына айтарлықтай септігін тигізді. Барлық жерде малдарды ұйымдасқан түрде бағуға қол жеткізу – полиция міндеттерінің бірі. Жыл басынан арнайы арнайы шашпаға 106 бас қаңғыбас мал қамалды. Ауданның 53 тұрғыны малдарын қараусыз жібергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай шаралар мал ұрлығын азайтуға әсерін тигізді. Аталған мал ұрлығы фактісі – ауданда жыл басынан орын алған алғашқы жағдай.