Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескендерді ұстауда

СҚО полицейлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескен облыстың екі тұрғынын жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден сақтау – бұл табиғатты қорғау полицейлері үшін жаңа жыл қарсаңындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін желтоқсанның 17-31 аралығында СҚО полицейлері «Шырша» акциясын өткізуде, іс-шара аясында рейдтерге шығып, аула-аулаларды аралауда.

Акция басынан шыршаларды заңсыз кесудің екі фактісі анықталды. Мамлют ауданының 40 жасар тұрғыны қалааралық жолдың бойындағы ағашты кесіп алған. Екінші бір оқиға Қызылжар ауданында орын алған. Ауыл тұрғыны Жаңа жылдық мереке қарсаңында үйіне шырша құрып, безендіру ойымен Красноярский орман шаруашылығы аумағындағы қылқан жапырақтыны кескен. Енді екеуінің де «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» ҚР ӘҚтК 381-1 бабы бойынша сот алдында жауап берулеріне тура келеді. Келтірілген шығын сомасы анықталуда.

«Бұндай фактілердің бірлі-жарым екендігін айтып кеткен жөн, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Сергей Липко. – Жалпы солтүстікқазақстандықтар мерекеге қылқан жапырақты ағаштарды заңды негізде сатып алғанды дұрыс деп санайды».

Сондай-ақ, Сергей Липко заңсыз ағаш кескені үшін мемлекетке келтірілген шығын 100 АЕК құраса, 10, 20, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салады.

Облыс бойынша жыл басынан ағаштарды, негізінен қайыңдар мен теректерді заңсыз кесудің 52 фактісі тіркелді. Заңсыз аң аулады деген күдікпен 15 адам ұсталып, заңсыз балық аулаған 11 факті анықталды. Аң аулау тәртібін бұзғаны үшін – 594, балық аулау тәртібін бұзғаны үшін – 256 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Табиғатты қорғау полицейлері ЖПҚБ өзге де бөліністерімен, сондай-ақ СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен, аң және орман шаруашылықтары инспекторларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру