Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер қыс мезгілі қарсаңында 9 мың шақырымнан астам автожолдарды тексерді

СҚО-да полицейлер қыс мезгілі қарсаңында 9 мың шақырымнан астам автожолдарды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қысқы кезең қарсаңында автожолдарды тексеруді аяқтады. Жұмыс жергілікті атқарушы органдармен, жол иелерімен және мердігерлік ұйымдармен бірлесіп жүргізілді.

Барлығы 9364 шақырым автожол зерттелді. Тәртіп сақшылары жол төсемі мен жол белгілерінің жай-күйін, қардан қорғайтын қалқандарды орнатылуын және су өткізгіш құбырлардың қармен жабылып қалмауын тексерді.

Сондай-ақ полицейлер жауапты ұйымдар өткен қыстың тәжірибесін ескергеніне көз жеткізді. Арнайы техника саны ұлғайтылды: республикалық маңыздағы жолдарға қызмет көрсету үшін 120 бірлік қар тазалау техникасы, облыстық маңыздағы жолдар үшін – 108, аудандық маңыздағы жолдар үшін — 100 бірлік техника дайындалды. Мердігер ұйымдар құм-тұз қоспасын және химиялық реагент дайындады.

– Сонымен қатар жүргізушілерге қыс мезгіліне дайындалу, қысқы шиналарды орнату қажеттігін еске саламыз. Ауа райы болжамдарын және ТЖ қызметінің хабарламаларын қарап отырыңыздар, көктайғақ қаупі туралы біліп жүріңіздер. Қолайсыз ауа райында жол жүрген кезде жол үсті мен алдыңыздағы қозғалыстың көрінуін ескере отырып, жылдамдық режимін таңдаңыздар, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру