Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қысқы жолда сақ болуға шақырады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қысқы жолда сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жезқазған-Петропавл жолына қызмет көрсететін СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нарасан Әміржанов және Бахтияр Алпысбаев аудан орталығы Сергеевкаға бұрылатын жолда авариялық тоқтау белгілерімен “Audi” автокөлігін байқайды. Көліктің жүріс бөлігі істен шыққаны анықталады. Көлікті сол жерде жөндеу мүмкін болмаған. Полицейлер ер адамды қосалқы бөлшек сатып алу үшін Сергеевкаға апарады және жөндеуге көмектеседі.

– Облыста аяздың күшеюі көлігі істен шыққан жүргізушілерге қиындық тудырады, – деп атап өтті СҚО ПД ППБ командирі Ерлан Мәдиев. – Көлік жүргізушілерін алыс жолға шығуды жоспарлаған кезде жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Көлік құралының техникалық жағдайының жарамдылығына көз жеткізіп, сүйреуге қажет құрал-жабдықты салып алыңыздар. Қыста көліктеріңізде міндетті түрде жылы киім, шам мен сіріңке, телефондарды қуаттандыруға арналған құрылғы болуы қажет. Тағы бір ескеретін жайт: ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері қысқы дизель отынын құюы тиіс. Сақ болыңыздар және жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру