Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері Шал ақын ауданы тұрғынының ауласынан шолақ мылтық тапты

Шал ақын ауданы ПБ қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан орталығы Сергеевка қаласының 60 жастағы тұрғынының уақытша тұруға арналған үй-жайынан маркасы белгісіз шолақ мылтық табылды. Иесі қару туралы білмегенін айтты. Оның айтуынша, қару уақытша тұруға арналған үй-жайда ұзақ уақыт бойы тұрған қайтыс болған ұлына тиесілі болуы мүмкін. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша енгізілді. Қару сараптамаға жіберілді, күдіктіге қатысты келуге міндеттелу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

– Ер адам қаруды заңсыз сақтау үшін көзделген жауапкершілік туралы білмегенін айтты, – деп түсіндірді аудандық ПБ бастығының орынбасары Бекжан Қаршалов. – Алайда заңды білмеуі жауапкершіліктен босатпайды. Тіркелмеген қаруды анықтаған жағдайда шұғыл полицияға хабарлау қажеттігі туралы ескертеміз. Полиция қызметкерлері қаруды тәркілейді. Тапсырушы адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы болмаған жағдайда, қаруды өз еркімен тапсыру жауапкершіліктен босатады. Тіркелген қару иесі қайтыс болса, жақындары қаруды бір айдың ішінде қайта тіркеуі немесе комиссиялық сатылымға тапсыруы тиіс.

Жалпы жыл басынан СҚО-да ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша 18 факті тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру