СҚО полицейлері шомылу орындарына үздіксіз рейд жүргізіп жатыр
СҚО полицейлері суға шомылу маусымы басталғалы бері су қоймаларына 176 рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторлары Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Есіл өзенінің, Алакөл көлінің жағажайларында, сондай-ақ белгіленбеген шомылу орындарына рейдтер жүргізді. Мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және пайда болу фактілерін анықтау, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзудың жолын кесу.
Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетовтың айтуынша, кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады. Жаз айларында балалар өз бетінше уақыттарын өткізіп жатады. Ал жұмыс барысымен ересектер олардың бос уақытын әрдайым бақылай алмайды. Сол себепті полицейлер мен құтқарушылар жас суға түсушілерге су апатының қауіпін түсіндіріп, оларды бақылауға баса назар аударады. Дегенмен, тәртіп сақшылары ата-аналарына да жүгініп, белгіленбеген жерлерде шомылуға тыйым салынатының, балаларды су қоймаларында қараусыз қалдырмауын сұрайды.
Шомылушылардың көпшілігі мас ересектер болғандықтан, спирттік ішімдіктер алып, су маңында отырып, көңілді уақыт өткізеді. Мұндай әрбір эпизод мас шомылушылардың өмірі үшін қауіпті. Сондықтан полицейлер түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Тәртіп бұзушыларға ескерту және айыппұл салынуды.
Облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпараты бойынша шомылу маусымы басталғалы Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкерлері өңірдің аумағында орналасқан су қоймаларында 176 рейдтік іс-шара өткізген, оның барысында 72 жалпы су пайдалану ережелерін бұзу, 24 қоғамдық орындарда мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктер ішу дерегін анықтаған.
Полицейлер мен құтқарушылардың суда қайғылы оқиғалардың алдын алу және бұзушылықтарды болдырмау бойынша бірлескен жұмысы жаздың соңына дейін жалғасады.