Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері тонауды ізін суытпай ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері тонауды ізін суытпай ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусымда сағат 12:57 шамасында 80 жастағы зейнеткер тонаушының құрбанына айналғаны жайлы «102» пультіне хабарласқан. Белгісіз қылмыскер әмиянында 116 000 теңге ақшасы болған оның сөмкесін ашық иемденген. Жедел басқару орталығына қарақшыны ұстау үшін полицияның барлық сыртқы қызметтеріне бағдар беріліп, облыстық аурухана ауданына жақын маңдағы патрульдер жіберілді. Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белгілері бойынша ұқсас келетін ер адамды байқайды. Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция лейтенанты Өмірсерік Оразғалидың айтуынша, полицейлердің назарына шалбарының сыртқы қалтасынан көрініп тұрған әйелдердің әмияны түскен. Ол алған затын полиция көлігінің капотына қойған кезде ұрлыққа қатыстылығына күдік қалмады. Бұрын сотталған Ақмола облысының тұрғыны жуырда Петропавлға келіп, әккі ойларын іске асыру үшін қала орталығын таңдаған.

Тонау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілміне енгізілді. Күдікті Петропавл қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жәбірленуші зейнетақысын аз уақытта қайтарып бергені үшін полицейлерге алғысын білдірді. Лақтырылған сөмке ұрлық жасалған ауданнан табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру