Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері төрт жыл бұрын жасалған ұрлықтың бетін ашты

СҚО полицейлері төрт жыл бұрын жасалған ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2017 жылы белгісіз қылмыскер Тайынша қ. дүкендердің біріне кіріп, ішінде 34 мың теңге ақшасы бар сейфті ұрлаған. Ашылған сейф кейін аудан орталығының сыртынан табылды.

Жедел уәкілдер ұрлықты жасауы ықтимал деген күдіктіні – СҚО-ға нәпақасын табуға келген, бұрын сотты болған 1978 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын анықтады. Оны «ізін суытпай» ұстау мүмкін болмады, алайда іздеу жұмыстары тоқтатылмады. Полицейлер Түркістан облысына шықты, бірақ күдікті осы уақыт ішінде тіркелген жеріне келмеген. 

– Қылмыстық жауапкершілік тосып тұрғанын сезінген күдікті қай жер болса, сол жерде тұра берген, тұрақты ресми жұмыс орны болмаған, медициналық және мемлекеттік қызметтер алмаған, – дейді Тайынша ауданының полиция бөлімі бастығы Нұрлыжан Ақтанов. – Тек осы жылы ғана жеке куәлігін пайдаланған. Бұл жәйт оның Алматы қ. екендігін анықтауға жеткілікті болды. Бұрын жасалған қылмыстарды ашу жұмыстары бір сәтке де тоқтатылмайды және басшылықтың ұдайы бақылауында болатынын білген жөн.

Қазіргі уақытта күдікті келтірген шығын сомасын толығымен өтеді. Татуласқан жағдайда ол қалыпты өмір сүре алады.

Жыл басынан СҚО полицейлері «өткен жылдар» санатындағы бұрын жасалған 64 қылмысты ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру