Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері тұрғындарға діни заңнама талаптарын түсіндірді

СҚО полицейлері тұрғындарға діни заңнама талаптарын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері солтүстікқазақстандықтарға “Мұны білу маңызды” тақырыбындағы брошюрларды таратты. Тәртіп сақшылары діни заңнама бұзушылықтарының профилактикасы бойынша ауқымды акция өткізді.

– Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – құқық бұзушылықты жоюдың, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтаудың ең сенімді тәсілі, – дейді СҚО ПД ЭҚІБ.

Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен полиция қызметкерлері облыс орталығында, аудандарда халықпен кездесулер ұйымдастырды, адам көп шоғырланатын жерлерге жадынамалар жапсырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сауалдарына жауап берді. Аудандық мәдениет үйлерінде жиналған педагогтар мен оқушылар аудиториясына да заңнама талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Полицейлер сервистік полиция форматында адамдармен қарым-қатынас жасау профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыратынына сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру