Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері үш аптада қарудың 32 бірлігін тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш аптада қарудың 32 бірлігін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда ойық ұңғылы винтовка тәркіледі. Полицейлер 42 жасар ауылдықтың үйінен тіркелген екі аңшы мылтығынан басқа заңсыз сақталған оптикалық көздеуіші бар винтовканы анықтады. Қару сараптамаға жіберілді, болжам бойынша бұл калибрі 5,6 мм ТОЗ қаруы. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Бұл облыста Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде анықталған ойық ұңғылы қаруды заңсыз сақтаудың екінші фактісі, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин. Акция 17 мамыр бастау алған. Мақсаты – қарумен қылмыс жасау қаупін төмендету. Іс-шара басынан заңсыз сақтаудағы атыс қаруының 22 бірлігі алынды. Бұл өзекті мәселе, тәжірибе көрсеткендей барлық тіркелмеген қарулар жиналған дайын күйде, қолжетімді жерде сақталады.

Бүгінгі күні полицейлер 5,5 мыңнан астам қару иелерін тексерді. Олардың тарапынан қару сақтаудың 147 бұзушылығы анықталды. Жиі жағдайда сейфтерінде қаруға қатысы жоқ заттарды сақтайды: ақша, бағалы заттар. Бұған тыйым салынған және бұл бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар сейфтің дабылы жарамсыз болып жатады. Бұдан басқа тексеріс барысында азаматтық қаруды қайта тіркеу мерзімдерінің 22 бұзушылығы анықталды.
Барлығы 32 бірлік қару алынды, оның 20-сы тіркелмеген тегіс ұңғылы, бір газды және тоғыз электрлі қару. Полицейлер тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен қаруды тек өз еркімен тапсырған жағдайда ғана құтылуға болатынын еске салады, әрине адамның іс-әрекеттерінде басқа қылмыстық құрам болмаса.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру