СҚО полицейлері үш күн ішінде тіркелмеген қарудың 4 бірлігін алды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үш күн ішінде тіркелмеген қарудың төрт бірлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО аумағында «Қару» ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – қылмыстық элементтердің қолдарына қарудың түсу мүмкіндігіне жол бермеу. Сондықтан полицейлер қару иелерін тексеріп, тіркелмеген қару-жарақтарды іздейді.
Мәселен, Жамбыл ауданы тұрғынының бірінің жатын бөлмесіндегі еденнің астынан заңсыз сақтаудағы 12 колибрлі ТОЗ-34 Р қос тегіс ұңғылы мылтық пен сегіз оқ-дәрі анықталды. Ер адам қаптағы мылтық пен оқ-дәрілерді көлдің жағасынан тауып алып, өзіне қалдырмақ болып шешкенін айтты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) санкциясына сәйкес, бұл шешімі үшін оның айыппұл төлеуіне тура келеді.
– Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін жауапкершіліктен қаруды тек өз еркімен тапсырған жағдайда ғана құтылуға болады, әрине адамның іс-әрекеттерінде басқа қылмыстық құрам болмаса, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин. Операцияның үш күні ішінде заңсыз сақтаудағы қарудың төрт бірлігі алынды. 766 қару иелері тексеріліп, олардың тарапынан сақтау ережелерінің 62 және қайта тіркеу мерзімдерінің 15 бұзушылығы анықталды. Қабылданып жатқан шаралар адамдардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге және қару қолданып жасалатын қылмыстарға жол бермеуге бағытталғанын түсінген жөн. Тіркелмеген қару иелеріне әкімшілік және қылмыстық жуапкершілікке тартылмас үшін қаруларыңызды полицияға тапсыруға кеңес береміз.