СҚО полицейлері үздік мергендер екенін дәлелдеді
СҚО полицейлері үздік мергендер екенін дәлелдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы спартакиадасының екінші түрі – Макаров тапаншасынан оқ ату бойынша жарыс өтті. Жарысқа 19 команда қатысты. Погон таққан спортшылар 3 сынақ және 10 негізгі ату жүргізді.
Жеке есепте облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері Жанат Қабдөш пен Жанат Баймұхамбетов бірінші және екінші орынды бөлісті. Екеуі де 80 ұпай жинады, бірақ Қабдөш қарсыласынан ату техникасы бойынша озды. Үшінші орынды 74 ұпаймен ҚР Ұлттық ұланы академиясының өкілі Ринат Сайфутдинов иеленді.
Командалық есепте СҚО ПД қызметкерлері үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында – Ұлттық ұлан академиясы, үшінші орынды – Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті еншіледі. Спартакиаданың келесі кезеңі – самбо, жарыс шілде айында өтеді.