Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа оқу жылы қарсаңында жүргізушілермен әңгімелесу жүргізуде

Солтүстік Қазақстан облысында ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың жол-көлік травматизмі профилактикасын қолға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жаңа оқу жылының қарсаңында жасалады. Карантиндік шектеулер мектептен тыс мекемелердегі балалар топтарымен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді, сондықтан патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік орнында үгіт жұмыстарын жүргізеді. Облыстың автомобиль жолдарында, елді мекендерге кіре берісте автокөлік жүргізушілерімен әңгімелер өткізеді, жадынамалар таратады. Егер салонда балалар болса, бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне тек белгіленген жерден ғана өту қажеттігі айтылып, еске салынады. Полиция жүргізушілерге жолда, әсіресе оқу орындарының жанында, қоғамдық көлік аялдамалары мен балалар көп жиналатын жерлерде қырағы болуға кеңес береді.

– Жолда балалардың кенеттен пайда болуы ең қауіпті сәттердің бірі, – дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мадиев. – Олар жүгіріп немесе велосипедпен келе жатып, көруді төмендететін кедергінің, мысалы, қойылған көліктің кесірінен дөңгелектің астына түсіп қалуы мүмкін. Көптеген балалар велосипед пайдаланған кезде велосипедтен түсіп, жаяу жүргіншілер өткелінен өту талаптарын орындай отыра, өту қажеттігін сақтамайды. Біз осы және басқа да маңызды ережелерді ата-аналарына түсіндіреміз.



Жеті айдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған 14 бала жарақат алды, олардың тоғызы 14 жасқа толмаған балалар. Көбіне балалар жаяу кетіп бара жатқанда жол апатының құрбанына айналады. Жалпы апаттың тек үшеуіне балалар себепші болған, сондықтан акция негізінен ересектерге арналды. Ерлан Мәдиев атап өткендей, жолда өзін-өзі ұстау мәдениетін үлкендер көрсетеді. Ата-аналар өздерін қаншалықты жауапты көрсетсе, балалар да соншалықты жауапты болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру