Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа telegram-боттың көмегімен есірткі өткізуге қатысы бар күдіктілерді ұстады

СҚО полицейлері жаңа telegram-боттың көмегімен есірткі өткізуге қатысы бар күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Енді әр солтүстікқазақстандық жаңа telegram-бот арқылы қылмыс туралы жылдам, тиімді және анонимді түрде хабарлап, есірткі қылмысына қарсы күреске үлестерін қоса алады.

t.me/sko_narkohelp_bot деп аталатын жаңа бот қазан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Бірнеше күннен кейін облыс орталығындағы Ізтөлин көшесінде жүрген жас қыздың күдікті іс-әрекеті туралы анонимдік хабарлама келіп түскен. СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дереу қажетті шаралар қолданды.

Тексеру барысында 20 жастағы қыз бен оның жігіті ұсталды. Полицейлер олардан ұнтақ тәріздес зат салынған 14 түйіншек тәркіледі. Алынған сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттар мефедрон және α-PvP есірткілері екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардың жауаптарын тексере келе бұған дейін есірткі жасырылған орындар да табылды. Полиция қызметкерлері екі қауіпті есірткінің 45 грамын тәркіледі.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. «Қазақстанның болашағы үшін» студенттік қоғамдық бірлестігінің көмегімен ашылған жаңа байланыс арнасына солтүстікқазақстандықтар оң пікірлерін білдірді. Қазіргі уақытта тағы бір жедел ақпарат тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, есірткі сатуды және таратушының жұмысын ұсынатын веб-ресурстарға сілтемелер туралы 30 хабарлама алынды. Олардың барлығы бұғаттауға жіберілді, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру