Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жаңа жылда жасалған мал ұрлығын ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жаңа жылда жасалған алғашқы мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданында келген жылдағы алғашқы мал ұрлау фактісі тіркелді. Учаскелік полиция инспекторына аудан орталығы Бескөлден шаруашылығын дөңгелетіп отырған ерлі-зайыптылар жүгінген. Таңертең ауыл тұрғыны ауласындағы шашпадан қошқарының жоғалғанын байқаған. Келтірілген шығын 35 мың теңгені құрады. Жаңа жауған қар ізді жапса да, полицейлер ұрлықты «ізін суытпай» ашты. Аудандық ПБ қызметкерлері күзететін иттің ұрлыққа еш әсер етпеу фактісін байқады. Бірінші кезекте, төрт аяқты күзетшінің үйренісіп кеткен адамдар тексерілді. Жәбірленушінің шаруашылығында жұмыс істейтін 39 жастағы Бескөл тұрғынының қатысы бары анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар болуы мүмкіндігін тексеруде. Мал алынып, иесіне қайтарылды.

– Қыста мал ұрлау фактісі қора-қопсылардан орын алады, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов. — Сонымен қатар, қылмыскерлерге басты олжа болатын еркін жайылымдағы мал үшін өткен жылдың тамыз айында енгізілген әкімшілік жауапкершілік аталған қылмыс түрі бойынша статистиканы жақсартқанын атап өтуге болады. 2019 жылы мал ұрлығының 92, ал 2020 жылы 47 фактісі тіркелді. Мал ұрлығын ашу тәжірибесі оларды шаруашылыққа жалданған жұмысшылардың жиі жасайтынын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру