Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жасөспірімдердің түнде серуендеуінің 84 дерегін анықтады

СҚО полицейлері 5 күнде жасөспірімдердің түнде серуендеуінің 84 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезінде бос уақыттарын үйден тыс өткізетін жасөспірімдердің қауіпсіздігіне полицейлер ерекше көңіл бөледі. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ювеналдық полицейлер түнгі рейдтерді күшейтті. 5 күн ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде жүруінің 84 фактісі анықталды. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Облыс тұрғындарынан кәмелетке толмаған балаларына көбірек көңіл бөлуді, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ұмтылуды сұраймыз. Кәмелетке толмағандардың қараусыз жүруі олардың тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына алып келуі мүмкін, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап тәртіп сақшылары есепте тұрған 2 мыңнан астам адамды тексерді. Оның ішінде тұрмысы қолайсыз 236 отбасы да бар. Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 33 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

5 күн ішінде солтүстікқазақстандық полицейлер түрлі 2339 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық бағыттары бойынша жұмыс күшейтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру