СҚО полицейлері жазғы лагерде жүрген балалармен кездесті
СҚО полицейлері жазғы лагерде жүрген балалармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жасөспірімдердің түнгі жүрісі, белгіленбеген орындарда шомылу, кәмелетке толмағандардың жол-көлік жарақатын алуы – жаз мезгілінің басты мәселелерінің бірі. Ювеналдық полицейлер жазғы лагерлерде демалып жатқан балаларға, олардың тарапынан заң бұзылған жағдайда ата-аналары жауапкершілікке тартылатынын естеріне салу үшін кездесті.
Жолда қауіпсіздікті сақтау – өз алдына жеке мәселе. Жасөспірімдер жол-көлік ережелерін толық білмесе де электрсамокаттарға әуес. Патрульдік полицейлер электрсамокатпен жолдың жүретін бөлігінде 18 жастан және кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана жүруге болатынын, жолаушылар мен жүк тасымалдауға болмайтынын, ал тротуармен жүрген кезде жаяу жүргіншіге кедергі келтірмеу керектігін айтты.
Түсіндіру жұмыстарына криминалдық полиция қызметкерлері де қатысты. 18 жасқа толғаннан кейін жастарға банк картасын алуға болады, интернет-алаяқтар дроппер ретінде өздерінің құрығына түсіруге дайын тұрады. Тәртіп сақшылары өзіңнің картаңды бөтен адамға берудің заңсыз екендігі жайлы хабардар етті.
– Демалыс кезінде жазғы лагерлер профилактикалық жұмыс жүргізетін негізі алаң болады. Біз ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға барынша көңіл бөлуге, демалыстарын бақылап, айналысатын істерін қадағалауға шақырамыз, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылық жасауға негізгі шарт қараусыз қалдырудың салдарынан болады, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.