СҚО полицейлері жол-көлік оқиғаларының орнын тексеру дағдыларын жетілдірді
СҚО полицейлері жол-көлік оқиғаларының орнын тексеру дағдыларын жетілдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен автокөлікпен соқтығысудан аулақ бола отырып, жүргізуші тротуарға бұрылып, жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып жібереді – мұндай жайтты солтүстік қазақстандық анықтаушылар мен әкімшілік полицейлер практикалық сабақта пысықтаған.
Ашық аспан астында өткен семинар-кеңес аясында күндізгі және түнгі уақыттағы жол-көлік оқиғасы болған жерді тексеру ерекшеліктеріне арналды. Жас қызметкерлерге жол көлік оқиғасы сызбасын жасау кезінде ескерілуі тиіс заттар туралы айтылды. Оқиғаға қатысушылардың қозғалыс жылдамдығы, қозғалыс бағыты мен жылжымайтын объектіге байлануы, жол төсемінің ерекшеліктері, жарықтандыру жағдайлары және басқа да айғақтар – олардың қаншалықты сауатты тіркелгеніне сарапшылардың одан арғы жұмысы байланысты болады. Практикалық сабаққа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сот сараптамасы институтының бас сарапшысы Дәуренбек Қаженов, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Евгений Богачев қатысты.
– Семинар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің нұсқауына сәйкес өткізілді. Бұл іс-шаралар қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің жас қызметкерлерін кәсіби дағдыларға үйрету және жол-көлік оқиғалары фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру үшін қажет, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Сергей Табарин.