Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері “Жолда қабылдау” акциясы шеңберінде тұрғындардың сұрақтарына онлайн режимде жауап берді

Облыс полицейлері 17-18 шілде күндері “Жолда қабылдау” республикалық акциясы аясында жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басты мақсат – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. Құқықтық тәртіпті, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде халықпен орнатылған кері байланыс өз тиімділігін көрсетті. Кезекті “Жолда қабылдау” акциясы 17 шілде басталды. Солтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі мен көші-қон қызметі басқармаларының басшылығы жауап береді.

Мұндай онлайн-диалогты бұрын өткізілген акциялар барысында тікелей эфирлерге қатысып, тиімділігін көрген қолданушылар оң бағалады. Аталған акция өткен жылдың сәуір айынан бастап ай сайын өткізіліп келеді. Желі қолданушыларынан келіп түсетін сұрақтардың басым бөлігі жол қозғалысының қауіпсіздігіне, жол белгілері мен таңбаларының орнатылуына қатысты. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтардан шектеу шаралары кезінде демалыс күндері жүріп-тұруға байланысты сұрақтар көп қойылды. Акция қатысушылары алдағы демалыс күндері облыс орталығында Петропавл қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеу шаралары енгізілетінін еске салды. Демалыс күндері облыс орталығында жаяу жүруге ғана емес, жеке көлікпен қозғалуға да шектеу қойылды. Тек тұрғылықты мекенжайдан жұмыс орнына, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға, медициналық мекемелерге баруға ғана болады. Сонымен бірге, үй жануарларын тұрғылықты мекенжайға жақын маңда ғана серуендетуге рұқсат етіледі.

– Маскаларды, перчаткаларды міндетті киіп жүру, арақашықтықты сақтау. Акция барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау арқылы өткізілуде. Көпшілігі сұрақтарын қашықтықтан, яғни онлайн қойды. Алғашқы күні 30-дан астам сұрақ келіп түсті, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру