Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жүргізушілерді маусымаралық кезеңдегі қауіптерден сақтануға шақырады

СҚО полицейлері жүргізушілерді маусымаралық кезеңдегі қауіптерден сақтануға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндерінде қолайсыз ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан көлік жүргізушілеріне жолда аса сақ болу қажет. СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушілерді ескертуде: ықтимал жауын-шашын мен жол бетінде мұздың қатуына байланысты жолда барынша сақ болған жөн. Рұқсат етілген жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты бұзушылықтар ерекше қауіп төндіреді.

Қолайсыз ауа райы жағдайында тәртіп сақшылары белгіленген жылдамдықты сақтап, қажет болған кезде азайтып, көлік құралдары арасындағы қашықтықты алшақтатуға кеңес береді. Орыннан жұлқа жүріп кетуден және кенеттен тоқтаудан сақтанған дұрыс – бұл көлікті тізгінінен айырылуға әкеп соқтырады. Көліктерінің шинасын қысқыға ауыстырмаған барлық жүргізушілерді шиналарын ауыстыруға шақырамыз. Полицейлер қыста жазғы шинаны пайдалану ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабымен көзделген көлік құралдарын пайдалану қағидаларының бұзушылығы болып табылатыны туралы ескертеді.

– Қала сыртындағы жолда жүріп келе жатқан кейбір жүргізушілер барынша жылдамдықты асыруға тырысады. Жолда жаяу жүргіншілер мен малдың пайда болу қаупі жоғары елді мекендердің маңынан өткен кезде жылдамдықты азайтуға шақырамыз. Дымқыл асфальт, қар мен мұз бірден тоқтауға мүмкіндік бермейді, жолдағы қолайсыз жағдайға шұғыл ден қою оңайға соқпайды. Қала жолдарында жүрген кезде жолға кенеттен балалар шығып қалуы мүмкін аулалар мен жолдың аса қауіпті учаскесі болып табылатын қиылыстарда ерекше сақ болуға шақырамыз. Ағымдағы жылғы 10 айдың ішінде облыста 327 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 127-сі қиылыстан өту ережелерін бұзу салдарынан орын алған, – дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру