СҚО полицейлері жүргізушілерге оқушылардың көктемгі демалысының аяқталуы туралы ескертеді
СҚО полицейлері жүргізушілерге оқушылардың көктемгі демалысының аяқталуы туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оқушылардың көктемгі демалысының аяқталуына байланысты жүргізушілердің жолда аса мұқият болуын ескертеді.
Тоқсан арасындағы демалыстан кейін оқушылар мектепке ағылады, сондықтан жүргізушілер абай болуы керек, әсіресе, таңғы уақытта. Тәртіп сақшылары маусым арасындағы күн райының құбылмалы болуына байланысты жол қозғалысына қатысушылардың барлығының аса сақтық танытуларын талап етеді.
Жыл басынан СҚО аумағында балалардың қатысумен бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Оның нәтижесінде, бір адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы жасалуының негізгі себебі – жаяу жүргінші өткелінен өту ережесін бұзу.
– Балаларға жол-көлік жарақатын ескерту және апаттылыққа, жол апаттарының ауыр салдарына тікелей әсер ететін ҚР Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының жолын кесу мақсатында облыс аумағында биылғы жылдың үш айы ішінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» және «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Іс-шаралардың нәтижелері бойынша 3 429 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Оқу орындарының маңайын патрульдеу, мектепте дәрістер оқу, жол қозғалысының жас инспекторларының жұмысы, жолдарға макеттер қою сияқты жұмыстар кешенді түрде әрі ұдайы жүргізіледі, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы ата-аналарды балаларымен жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау туралы әңгіме жүргізуге, ал жүргізушілерді жалпы білім беру мекемелеріне, балаларды дамыту орталықтарына және аулаларға жақын жерлерде аса мұқият болуға шақырады.