Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан 29 мал ұрлығын ашты

СҚО полицейлері жыл басынан 29 мал ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күзде мал ұрлығының қаупі арта түсетіні белгілі. Қоң жинаған жануарлар қаскөйлердің көзіне түсіп, олардың оңай олжасына айналады, бұдан бөлек, бақташылардың көбі сиыр мен қой бағу маусымын аяқтайды. Соған қарамастан иелері жануарларын еркін жайылымға жібереді, бұл бүгінгі күнге дейін мал ұрлығын жасауға ықпал ететін негізгі жағдай болып табылады.

Аталған «маусымдық» қылмыс түрінің профилактикасын жүргізе отыра, солтүстікқазақстандық полицейлер алдын ала жұмыс істеуде. Мамлют ауданында тәртіп сақшылары «Еркін жайылым» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Іс-шара негізінде халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер аудандық прокуратурамен бірлесіп, адамдарға ауыл шаруашылық жануарларын бағу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы естеріне салды.

– Іс-шараның екі күнінде еркін жайылымның 17 фактісі анықталды, иелері анықталғанға дейін, қаңғыбас жануарларға арналған арнайы қашаларға 42 бас ірі қара қамалды, – дейді аудандық ПБ бастығы Пётр Климов. — Бұдан бөлек, ауылдық округтердің тұрғындарын біріктіретін чаттарда учаскелік полиция инспекторлары мал ұрлығы профилактикасын тұрақты жүргізеді.

Полицейлер профилактикалық жұмысты СҚО-ның барлық аудандарында жүргізуде. Жыл басынан облыста 31 мал ұрлығы тіркелді, оның 22-сі еркін жайылымда немесе бақташылардың жануарларды қараусыз қалдырған кезінде орын алған. Жеті жағдайда қарақшылар малды қорадан, екі жағдайда ашық қашадан ұрлаған. Әзірше екі факті ашылмаған, 24 іс бойынша өндіріс аяқталды, ал қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ полицейлер ауа райының жауынды, тұманды күндері бос жүрген жануарлардың қатысуымен, ауыр салдарға әкеп соғатын, жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі арта түсетінін еске салады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді ауа райының қолайсыз жағдайы кезінде жолда абай болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру