СҚО полицейлері жыл басынан 400-ден астам мас жүргізушілерді ұстады
СҚО полицейлері жыл басынан 400-ден астам мас жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шамамен сағат 20:15-те Петропавлда Крепостной және Н. Назарбаев көшелерінің қиылысында қасынан өткір иіс шығып тұрған 39 жасар қалалықтың басқаруындағы Toyota Camry автомашинасы тоқтатылды. Медициналық сараптама масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды. Сот шешімімен келесі күні ер адам 15 тәулікке қамауға алынды. Оған ендігі жеті жылда рөлге отыруға тыйым салынды.
– Қатаң заңнамалық шаралар масаң күйде көлік тізгініне отыру фактілерін болдырмауға бағытталады,Мас жүргізушінің әр сапары – ауыр салдарымен жол-көлік оқиғасына әкеп соғу қаупін тудырады. СҚО-да бес айдың ішінде спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізушілердің кінәсінен екі адам қаза тауып, 15-сі жарақат алды. 17 мамырдан облыста «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Күніне кем дегенде осындай төрт факті анықталып жатады. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатқан төрт аптада облыс жолдарында 119 мас жүргізуші тоқтатылды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.
Жыл басынан масаң күйде көлік басқарған 415 жүргізуші ұсталды.