Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан із-түссіз жоғалған 219 адамды іздеп тапты

СҚО полицейлері жыл басынан із-түссіз жоғалған 219 адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны полицияға жүгініп, күйеуінің жоғалып кеткенін айтты. 17 шілде күні 45 жастағы ер адам көлікке мініп кетіп, қайтып оралмаған. Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен берілген күштер жұмылдырылды. Байланысқа адамдары мен болуы мүмкін орындар тексеріледі. Іздеуге еріктілер де тартылды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Петропавл қаласының тағы төрт тұрғыны іздестірілуде. Олардың арасында есте сақтау қабілеті нашар 73 жастағы әжей бар. 3 маусым күні полицияға оның ұлы жүгініп, бірнеше күн бұрын анасының үйден шығып кетіп, қайтып келмегенін хабарлайды. Үстінде қара түсті гамаш, сары жейде, сұр костюмі, аяғында көк галоштары болған. 

Іздеудегілердің жүрген жерлері туралы ақпараттарыңыз болса, полицейлер Петропавл қаласындағы 39-41-16 немесе «102» арнасына хабарласуларыңызды сұрайды.

– Жақын адамдарының жоғалып кетуі туыстары үшін үлкен қиыншылыққа әкеледі, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев. – Көп жағдайда жоғалғандардың өмір сүру жағдайы оларды қай жерлерден іздеу қажет екенін анық көрсетеді. Ал есте сақтау қабілетінен айырылған адамды іздеу қиынға соғады. Оның тұратын мекенжайы, сапаржай, қаланың бірқатар аудандары, медициналық мекемелер, бейімдеу орталығы, қабылдап-тарату орны тексерілді. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Іздеу жұмыстарын жүргізуде еріктілердің көмегі зор. Олар жоғалғандар туралы бағдарларды, қала көшелерінде таратып, әлеуметтік желілерде жариялайды. Желі қолданушылары хабарлайтын ақпараттарды жеткізеді.

Жыл басынан адамдардың хабар-ошарсыз жоғалуы туралы 223 арыз түсіп, олардың 219-ы іздеп табылды. 151 адамның жүрген жері кезекші тәулікте анықталды. Ал басқа адамдарды іздеп табуға 3-тен 10 күнге дейінгі уақыт кетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру