Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалған 417 адамды іздеп тапты

СҚО полицейлері жыл басынан із-түзсіз жоғалған 417 адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Табылды. Дін аман” – із-түзсіз жоғалған қала тұрғынына бағдарды жариялағаннан кейін үш сағат өткен соң СҚО полицейлері әлеуметтік желілерге осындай хабарлама жариялады. Іздестіру іс-шаралары таңертең басталды, оған криминалдық полиция қызметкерлері, патрульдік полицейлер, учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды. Әйелдің өз жоспары жайында жақын туыстарын ескертпей, құрбысымен уақыт өткізгені белгілі болды.

– Бұл жиі кездесетін сценарий: адамдар белгілікті бір жағдайлармен, кейде жеке себептерімен жүрген жерлері жайында туыстарына айтпайды. Көп жағдайда із-түзсіз жоғалу фактісі спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын тұлғалардың жоғалуымен байланысты. Әр факті полиция қызметкерлерімен жан-жақты тексеріледі, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Жыл басынан облыс полицейлері із-түзсіз жоғалғандар туралы 419 өтініш қабылдады. 417 із-түзсіз жоғалған тұлға табылды, оның 264-і кезекші тәулікте. Оларды іздестіруде полицейлердің сенімді көмекшілері-волонтерлер жұмылдырылды. Еріктілер әлеуметтік желілерге бағдарлар жариялап, іздестіру іс-шараларына қатысты. Полицейлер облыс тұрғындарына туыстарын алаңдатпай, жүрген жерлері жайында хабардар етуді ұмытпауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру