СҚО полицейлері жыл басынан қоғамдық орындарда жүрген 10 мыңнан астам мас адамды ұстады
СҚО полицейлері жыл басынан қоғамдық орындарда жүрген 10 мыңнан астам мас адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алкольді шамадан тыс ішудің салдары түрлі заң бұзушылықтардың жасалуына әкеп соғады. Отбасылық жанжалдардың, бұзақылықтардың, ұрлықтардың, автоұрлықтарының және басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылық фактілерінің барлығы дерлік ішімдік ішкен соң жасалады. Бұндай фактілердің алдын алу учаскелік полиция инспекторларының міндеті. Мәселе қызмет көрсететін аумақты тексеру, рейдтер мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында шешіледі. Жыл басынан алкогольдік ішімдіктерді сату ережелерін бұзғаны үшін 118 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл 21 жасқа толмаған тұлғаларға сату немесе спирттік ішімдікті түнгі уақытта сату оқиғалары. Тағы 142 солтүстікқазақстандық акоголь өнімдерін астыртын сатқаны үшін жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 5800 литр алкоголь алынды.
– Кең тараған құқық бұзушылықтардың бірі – қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе масаң күйде жүру. Жыл басынан мұндай 9665 факті анықталды. Алкоголь мас адамды жаңа заң бұзушылық жасауға итермелейді, тіпті өздері де қылмыскерлердің құрбанына айналуы әбден мүмкін. Айта кететіні, СҚО-да жыл басынан алкогольдік масаң күйде 535 қылмыс жасалған. Қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті күзетумен айналысатын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлердің жұмысы осындай оқиғалардың жолын кесуге ықпал етеді, – деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.
Сонымен қатар, облыстың учаскелік инспекторлары 180 адамды мәжбүрлеп емдеуге жолдау үшін материалдар жинады. Полицейлер масаң күйінде бірнеше заң бұзушылық жасағаннан кейін бұл процеске бастамашылық ете алады. Тәртіп сақшылары алкогольге тәуелді жандардың жақын туыстарынан, олардың түзелемін, қоямын деген уәделеріне сенбей, емделуге жіберу бойынша шаралар қабылдауын сұрайды. Бұл мәселе бойынша өз учаскелік полиция инспекторыңыздан да кеңес алуға болады.