Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан жылдамдықты сүйетін 8 мыңнан астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты

СҚО полицейлері жыл басынан жылдамдықты сүйетін сегіз мыңнан астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдамдық режимінің бұзушылығы – бұл салдары ауыр жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының бірі. Жыл басынан СҚО-да жылдамдықты асыру салдарынан төрт адам жарақаттар алды.
Тәртіп сақшыларымен бұндай фактілердің алдын алу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені шеңберінде, рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, Петропавл қаласының аумағында «интеллектуалдық» бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді. Олардың төртеуі жылдамдық режимінің бұзушылықтарын тіркейді. Рұқсат етілген жылдамдықты бұзу деректерінің басым бөлігі облыс орталығындағы Жамбыл мен Мүсірепов көшелерінің қиылысында тіркеледі екен. Мұндай бұзушылық саны – 518.

Жылдамдық тіркеуіштердің көмегімен жыл басынан жылдам жүрісті құмартатын 1431 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

– Апат орын алмас үшін Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтап, көлік жүргізу тәртібін сақтаған жөн, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. – Елді мекендердің ішіндегі жылдамдық кейбір арнайы жол белгілерімен бекітілген жылдамдық режимдерін қоспағанда (сағатына 90 шақырымнан аспауы тиіс), сағатына 60 шақырымнан аспауы тиіс. Ал тұрғын үйлер мен аулалардың аумағында жылдамдық сағат 20 шақырымнан аспауы қажет. Жылдамдық режимін шамадан тыс асыратын жүргізуші кенеттен болатын жағдайларда шешім қабылдап үлгермейді. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында жылдамдықты асырған 8230 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер айтып өткендей, көше қиылысына не болмаса жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда, білім беру мекемелерінің маңында, адамдар көп жиналатын аумақтарда және жол үстіне кенеттен адамдар шыға келуі мүмкін жағдайларда жылдамдықты азайту қажет. Бұл, әсіресе, қыс мезгіліне таяу уақытта маңызды. Өйткені, үсті су асфальт, мұз және қар көлікті тежеуді қиындатады, маневрлар жасау кезінде қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін. Сондықтан полицейлер жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды және жол үстінде сақ болуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру