Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлерімен қорқытып алуда күдікті екі петропавлдық ұсталды

Петропавл қаласының екі тұрғыны қорқытып алуда күдікті болып отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Криминалдық полиция бақармасының қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотты болған, 1982 және 1989 жылдары туған облыс орталығының екі тұрғынын Жамбыл және Попов көшелерінің қиылысында ұстады. Оларды ұстауға облыс орталығы тұрғынының ақша қаражатын қорқытып алу фактісі бойынша полицияға жүгінуі себеп болды.Жәбірленушінің сөзінше, таныстары тарапынан қорқытып алу желтоқсанда басталған. Олар шұғыл 150 мың теңге талап еткенде, ер адам СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасына жүгінген.

Аталған факті ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі “Қорқытып алу” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандар тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде, оның барысында аталған қылмыстық істің мән-жайлары анықталатын болады.

Жыл басынан СҚО аумағында қорқытып алудың үш фактісі тіркелді, оның біреуі сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру