Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлеріне «Жолда қабылдау» акциясы аясында 56 өтініш келіп түсті

СҚО полицейлеріне «Жолда қабылдау» акциясы аясында 56 өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автожолдарды күтіп ұстау, жол белгілерін орнату – Солтүстік Қазақстан тұрғындары полицейлерге қойған негізгі сұрақтардың бірі.

Екі күн бойы тамыздың 16 және 17 аралығында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының, Петропавл қаласы полиция басқармасы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы қызметкерлері азаматтардың сұрақтарына жауап беру үшін Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің тікелей эфиріне шығып, жұмыс істеді.

– Барлығы 56 өтініш келіп түсті. Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, айыппұл төлеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі нұсқаулығына сәйкес акция тұрақты түрде өткізіледі, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру