Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлерінің балалары ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арнап 16 бейнеролик дайындады

СҚО полицейлерінің балалары ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арнап 16 бейнеролик дайындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді.

Мерейлі жыл аясында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың бастамашылық етуімен қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған “Хәкім Абай даналығы” атты іс-шаралар бастау алды. Бұл жөнінде ведомство басшысы “Facebook” парақшасында әсерлі пост қалдырды.

Осыған орай, Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын бірқатар іс-шараларды өткізу жоспарланып, Абай жылының логотипімен екі баннер әзірленді. Дүниежүзілік індетке байланысты аталған іс-шараларды онлайн-форматта өткізуге мәжбүр болды.

Полиция департаментінде өткізілген іс-шараларға тәртіп сақшыларымен қатар, олардың балалары да қатысты. Атап айтсақ, Департаменттің әлеуметтік желілерінің аккаунттарында полиция қызметкерлерінің балалары кемеңгер ойшылдың шығармаларын жатқа оқыған бірегей жоба іске асырылды. Жобаны алғашқы болып СҚО ПД Штабы ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы Жібек Бурбасованың ұлы Әнуар Қайырболат бастаса, Петропавл қ. ПД бастығының орынбасары Сағындық Темиреевтің немересі Бақдәулет Ержан “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңімен жалғастырып кетті. Бұл іс-шарадан СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының инспекторы Гүлмира Мұстафинаның ұлы Аманат Сайран да тыс қалмады, ол Абайдың он алтыншы, он сегізінші, жиырма төртінші қара сөздерін асқан шеберлікпен жатқа оқып шықты. Дана ақынның “Ғылым таппай мақтанба” өлеңін оқыған СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инспекторы Айгүл Сәбитованың қызы Бескөл №2 орта мектебінің дайындық сыныбының оқушысы Айзере Сәбит жобаның ең кішкентай көзайымына айналды. Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Нұрқанова Раушанның қызы Даяна Белялова “Ғылым таппай мақтанба” туындысын ағылшын тілінде оқып, ерекшеленді. Қызметкерлердің балалары студияға түсірілімге келіп, іс-шараға зор қызығушылықпен қатысты. Олардың ішінде: СҚО ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бөлім басшысы Жанат Сұлтановтың ұлы Диар Сұлтан, ішкі істер органдарының ардагері Марлан Тамановтың ұлы Аңсар Өміржанов, Полиция қызметкерлері Демеу Бағыт пен Жұлдыз Бағыттың балалары – Тамила Бағыт, Бектас Ойрат, Асылтас Наушина болды. Сондай-ақ, СҚО ПД ЖҚАЖ командирі Самат Жантасовтың қызы Әмина Жантасова, Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Рустам Садуловтың қызы Садия Садулова, СҚО ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасы бастығының орынбасары Руслан Темірғалиұлы Хамзиннің қызы Аянат Хамзина, СҚО ПД Қызылжар АПБ ЖПҚБ бастығы Шамшиден Ақышевтың ұлы Аман Мейрам қазақ халқының ұлттық мақтанышы болған Абай поэзиясын оқып, желі пайдаланушыларының ықыласына бөленді.

Ақжар ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы Жанболат Махатовтың қызы Жансая Махатова аталған Абай бейнемарафонында “Көзімнің қарасы” шығармасын оқып желі қолданушыларын қуантса, анасы Петропавл қ. ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекші маманы Жанар Махатова – ұлы ақынның 175 жылдығына орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырған байқауда топ жарды. Карантиндік талаптарды сақтап, байқау қашықтық форматында өтті: қатысушылар “Facebook”-та көруге болатын өздерінің бейнежазбаларын жіберді. Түрлі ведомстволардан қырықтан астам қызметкері бақ сынады. Қазылар алқасы тіккен үш бас жүлденің екеуіне қалалық бөліністің жетекші маманы Жанар Махатова ие болды.

Ұлы ақынды даралайтын классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы – 17 қара сөзін Петропавл қ. Полиция басқармасы азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов оқыған бейнеролик әзірленді.

– Ұлы тұлға әрқашанда біздің жадымызда сақталып, оның шығармалары әлі талай ұрпақты тәрбиелеп, дұрыс жолға сілтейтіні анық. Оның поэзиясы, қара сөздері, ойлары, бізге кедергілерді жеңіп, қанат бітіріп, шығармашылық қырымыздан танылуға септігін тигізеді. Дана философтың ұлылығы да осында… Бұл жобаларымызды ұлы ақынға және оның мәңгі жасайтын шығармаларына бас ию деп білеміз, – дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру