СҚО Полиция департаменті бастығы облыстың бес ауданында көшпелі кездесулер өткізді
СҚО Полиция департаменті бастығы облыстың бес ауданында көшпелі кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов өңірдің барлық аумақтық полиция бөліністерінде көшпелі кездесулерді өткізді. Облыстық полиция басшысы Есіл, Айыртау, Тимирязев, сондай-ақ Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті. Бұған дейін мұндай кездесулер барлық қалалық және сегіз аудандық полиция бөліністерінде ұйымдастырылған болатын.
Явленка, Саумалкөл, Новоишимское, Тимирязево, Сергеевка – аудан әкімдерімен және белсенді қауыммен кездесу, полиция бөлімдерінің жабдықталуымен танысу, жеке құраммен жиын өткізілді, барлық іс-шаралар әр аумақтың ерекшелігін ескере отыра, аудандарда бірдей өтті. Азаматтарды жеке қабылдау да өткізілді. Ауыл тұрғындары автокөлікті қайта жабдықтау және тіркеу мәселелері бойынша жүгініп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сауалдар қойылды, аудандық полицейлердің жұмысы туралы жағымды пікірлер білдірілді. Барлық сұрақтар мәліметке алынып, бір бөлігі бақылауға қойылды.
Жеке құраммен кездесу кезінде Айдын Қабдұлдинов заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Полиция бөлімдері басшыларының алдында қарамағындағы қызметкерлердің қызмет өткеру жағдайын жеке бақылау міндеті қойылды. Облыстың бас полицейі жеке құрамды ашықтық пен айқындылық қағидаларын ұстанып, сервистік полиция жұмысын жүзеге асыру бағытын жалғастыруға бағдарлады.