СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары құрметті зейнет демалысына шықты
СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары құрметті зейнет демалысына шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаментінде ведомствоның кадр саясаты желісіне жетекшілік еткен ПД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаевты құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Отставкадағы полиция полковнигі Дәулетбаев өзінен кейін кадр және тәрбие жұмысының жақсы жолға қойылған жүйесін қалдырды. Қызмет еткен жылдарында оның қатысуымен ПД Мәдени орталығы, облыстан тыс жерлерге атағы белгілі болған вокалдық топ құрылды. Ол өткен жылы ҚР ІІМ жүйесінде үздік ведомстволық музей деп танылған департамент музейінің дамуына да зор үлесін қосты.
Полицейді шығарып салуға департаменттің басшылығы мен жеке құрамы жиналды. ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов полицияның қоғаммен диалогын ұйымдастырудағы Дәулетбаевтың маңызды рөл атқарғанын да атап өтті. Ал, СҚО Полиция департаменті және Ұлттық ұланы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықов әрдайым есігін айқара ашатын ардагерлер ұйымының кілтін табыс етті. Онда өзінің тәжірибесімен бөлісуге дайын әріптесін қуана қарсы алады.
– Қапез Қазиұлы, сіз ішкі істер органдарындағы қызметіңізді 2000 жылы Петропавл қалалық ІІБ тәрбие жұмысы жөніндегі инспекторынан бастап, түрлі лауазымдарда қызмет атқарып, үлкен еңбек жолынан өттіңіз. Сіздің басшылығыңызбен жас қызметкерлерді тәрбиелеу, полиция қызметкерлерінің бойында жоғары кәсіби және адами қабілеттерді қалыптастыруда зор жұмыс атқардыңыз. Қызметте нағыз кәсіби маман және құзыретті басшы болсаңыз, отбасыңызда қамқор әкесіз – бұл өзінің кәсіби, жеке ресурстарын сауатты жұмсай алатын, өмірді сан қырынан бағалай білетін адамды көрсетеді, – деді СҚО Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдинов.