Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО Полиция департаментінде “102” мобильдік қосымшасы арқылы жүгінудің артылықшылықтарын еске салды

СҚО Полиция департаментінде “102” мобильдік қосымшасы арқылы жүгінудің артылықшылықтарын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы желісі бойынша бұзушылықтар, ұсақ бұзақылық, абаттандыру ережелерін сақтамау – ішкі істер органдарының құзыретіне жататын барлық фактілер туралы полицияға тәулік бойы “102” мобильдік қосымшасы арқылы хабарлауға болады. “Азаматтардың хабарламаларын қабылдау үрдісінің бірізділігі” сервистік жобасы 2021 жылғы 1 ақпанда Ішкі істер министрлігімен іске қосылды. Қазіргі уақытта бұл қосымша мобильдік интернет қосылған облыстың кез келген аумағында жұмыс істейді.СҚО Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Алексей Дементьевтің айтуынша, тіркелген пайдаланушы ақпаратты мәтін түрінде, медиа-файлдарды қоса отыра жібере алады, сондай-ақ аудио және бейне қоңырау арқылы жүгіне алады. “102” қосымшасының тағы бір басымдылығы гео-локация қызметі болып табылады. Қылмыстың немесе құқық бұзушылықтың құрбанына айналған адам өзінің тұрған жерін білмеуі мүмкін – полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап, көмекке келе алады.

Қалалық полицияның Жедел басқару орталығында “102” қосымшасы арқылы азаматтарды қабылдауды жүргізетін операторлар үшін жеті жұмыс орны жабдықталған. Аптасына орта есеппен он қоңырауға дейін келіп түседі. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелеріне қатысты. Сондай-ақ 13 аудандық полиция бөлімдерінде екі жұмыс орнынан жабдықталған.
“102” қосымшасының қызметі мобильдік қосымшаның форматымен шектелмейді. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Telegram-да @QZ102bot және Facebook-та @qriim.mvdrk. мессенджерлерінде онлайн көмекші жұмыс істейді. Онлайн көмекшілердің мекенжайлары тізім түрінде Ішкі істер министрлігі порталының басты бетінде орналастырылған, сондай-ақ порталдағы “Сұрақ-жауап” сервисі арқылы көші-қон қызметі, әкімшілік полиция, кадр саясаты желісі бойынша сауал қоюға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру