СҚО полиция департаментінде қызметтік техниканың қыс мезгіліне даярлығы тексерілді
СҚО полиция департаментінде қызметтік техниканың қыс мезгіліне даярлығы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы қызметтік техниканың қыс мезгілінде қызмет атқаруға даярлығын тексерді.
Саптық байқауда учаскелік полиция инспекторларының, тылдық қамтамасыз ету басқармасының, сондай-ақ облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының машиналары ұсынылды. Патрульдік полицейлер аталған көліктерге мініп елді мекендер мен облыс жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, жарысқа шыққан оқушыларды апара жатқан көліктердің алдында түсіп қажетті жерге жеткізеді және басқа да міндеттерді орындайды.
СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Құрманғали Ысмағұлов пен қызметтердің бастықтары автопарктің даярлығын тексерді. Құрманғали Ысмағұлов қызметтік автомобильдер техникалық жағынан жарамды болып қана қоймай, үнемі таза болуы керек екенін атап өтті.
Сондай-ақ тракторлар мен автобустар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдарды қорғау үшін қажетті өзге де арнайы техника қаралды. Тексеру аяқталғаннан кейін полицейлер қызмет атқару орындарына оралды.