СҚО полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында кездесу өтті
СҚО полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полиция департаменті құрамындағы өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері ПД аппаратының жеке құрамына мемлекет және облыс бойынша ІІМ жүйесіндегі заңдылықтың жай-күйіне шолу жасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің инспекторы Светлана Зайцева сыбайлас жемқорлықты анықтау және жолын кесу үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Баяндамада 2023 жылдың наурызынан бастап күшіне енген жемқорлыққа қарсы реформалардың төртінші пакетіне баса назар аударылды. Оған кірістер мен шығыстар деңгейін бақылау, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғауға бағытталған түзетулер және тағы басқа тармақтар кіреді.
Өз қатарындағы сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу – полиция қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі, өйткені онымен адамдардың сенімі тікелей байланысты. "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында тек осындай оң нәтиженің негізінде ғана полиция мен қоғамның тиімді өзара іс-қимылын құруға болады.