СҚО полиция департаментінің құрамасы шағын футболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды
СҚО полиция департаментінің құрамасы шағын футболдан өткен жарыста жеңімпаз атанды – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғау органдарының қызметкерлері шағын футбол алаңында дене шынықтыру мен командалық рухты тексерді. Петропавлда «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының дәстүрлі спартакиадасының алтыншы түрі өтті. Аудандарда іріктеу жарыстары алдын ала өткізіліп, жеңімпаздар облыс орталығында үздіктерді анықтау үшін жиналды. Жарысқа 90-нан астам қызметкер қатысты.
Бұл спортта полицейлер үстем болды. Ең мықты қарсыластар – 6637 әскери бөлімінің құрамасы, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің командасына есе жіберіп, үшінші орынға ие болды. Жарыстың «күмісін» Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері екінші жыл қатарынан иеленуде – олар жоғары деңгейде ойын көрсетіп келеді. Айыртаулықтар СҚО ПД аппаратының командасына ғана жол берді, олар өз кезегінде финалдық ойында 4:0 есебімен жеңіске жетіп, құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілді.
«Үздік қақпашы» номинациясында СҚО бойынша ҚАЖД өкілі Ержан Ахмадиев кубокпен марапатталды. Үздік шабуылшы кубогын Айыртау ауданына Рахат Қабылқай алып кетті. «Үздік ойыншы» номинациямен облыстық полиция департаментінің өкілі Нұрбол Кеңгербаев марапатталды
Полицейлер спортпен шұғылдану тек жақсы физикалық форманы сақтауға ғана емес, сонымен бірге командалық рухты нығайтуға, тәртіп сақшыларының қиын жұмысында қажетті «достық күшін» сезіндіретінін атап өтті.
Алда «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спартакиадасының жетінші, соңғы түрі – самбодан жарыс. Ол қыркүйек айында өтеді.