СҚО полиция департаментінің жанынан нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес құрылды
СҚО полиция департаментінің жанынан нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Синтетикалық есірткілер соңғы 7 жылда кеңінен тарап кетті. Полицейлер СҚО-да 2018 жылы 34 есірткі қылмысын анықтап, 53 грамм "синтетиканы", ал 2025 жылдың тек бірінші тоқсанында 41 қылмысты тіркеп, екі келіден астам "дизайнерлік" есірткі тәркіледі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында синтетикалық есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы тиіс екенін атап өтті. ІІМ-нің жаңа жұмыс органымен ұқсастық бойынша СҚО полиция департаментінде де үкіметтік емес ұйымдармен, қоғаммен бірге есірткі құқық бұзушылығының алдын алу саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрылды.
Оның құрамы ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновпен өткен кездесуде бекітілді. Жаңа органның құрамына полицейлер, депутаттар, журналистер, көпшілікке жақсы таныс қоғам қайраткерлері енді. Негізгі міндеттер – халықты барлық таптарын есірткіге қарсы жұмысқа тарту, профилактика түрлері бойынша ұсыныстар әзірлеу, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру.
Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінбек. Есірткі таратушылардың басым бөлігін 18-25 жас аралығындағы азаматтар құрайды. Оларға қысқа уақыт ішінде байып кетуді және жазаға тартылмауды уәде етіп, есірткі қылмысына тартады. Соңғы 5 жылда облыста полиция қызметкерлері 18 оқушы мен студентті ұстады, оның 8-і – кәмелетке толмағандар.
Кездесуде СҚО әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев, СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев пен Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Закиржан Мамлютов сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар кеңестің ережелерін бекітіп, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, таяудағы жоспарларын белгіледі.