Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясына өңір тұрғындары алғыстарын білдірді

СҚО полиция департаментіне өңір тұрғындарынан алғыстар келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны учаскелік полиция инспекторы Ерлан Нұғырбековке қатысты алғыс сөздерін жолдады.

– Мен қиындыққа тап болдым. Ұлым көп ішіп кетті. Оның және басқалардың өмірі адам төзгісіз болды. Содан біздің учаскелік инспектор Ерланға жүгіндім, ол жағдайға түсіністікпен қарады, олардың отбасына бірнеше рет барып, әңгімелесті, – деді қала тұрғыны.

Оның айтуынша, алдын алу жұмыстары өз жемісін берді. Өтініш берушінің ұлы ішімдіктен бас тартып, жұмысқа орналасты.

– Ерланға және оның ата-анасына лайықты ұл тәрбиелегені үшін аналық рақметімді айтамын, – деп жазды қала тұрғыны.

Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің мәліметінше, бүгінде қалада алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін 1,5 мыңға жуық адам есепте тұр.

Ал ақпан айында Есіл ауданының аумағындағы қайғылы жол апатына тап болған адамдардың туыстары СҚО ПД анықтау басқармасының қызметкері Алмас Шайғузовқа алғыстарын білдірді.

– Қиын сәтте біз кәсіби анықтаушының қолдауын сезіндік. Әсіресе жұмыста жеделдік пен ұқыптылықты көрсете алған барлық қызметкерге алғыс айтамын, – деді қала тұрғыны.

Адамдардың мұндай пікірлері қазіргі қазақстандық полицияның кәсібилігін көрсетіп қана қоймай, қызметкерлерді одан әрі қызмет етуге ынталандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру