СҚО полициясына жыл басынан 3225 өтініш келіп түсті
Солтүстік Қазақстан облысының полициясына жыл басынан 3 225 өтініш келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полициясының жеті қызметкері «102» мобильдік қосымшасы арқылы азаматтардан тәулік бойы өтініштер қабылдайды. 1 ақпаннан Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен «102» мобильдік қосымшасы арқылы азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің бірізділігі принципін іске асыру бастау алды. Сервис адамдарға ыңғайлы етіліп әзірленген: түн мен күннің кез келген уақытында бейжай қарамайтын кез келген азамат полицейлермен тікелей байланысқа түсе алады. Аудиожазба бойынша да, бейнебайланысқа түсіп те, мәтіндік хабарлама жазып та байланыса алады, сондай-ақ смартфон арқылы өзінің нақты тұрған жерін көрсете алады.
СҚО Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Алексей Дементьевтің айтуынша, қосымшаны Android жүйесі смартфондары үшін Play Market-те және IOS жүйесі смартфондары үшін App Store-да жүктеуге болады. Іздеу жолағында тек «102» деп жазса болғаны. Тіркелу кезінде аты-жөнді, өзекті e-mail-ды, құпиясөз бен ЖСН жазу қажет. Тіркелу рәсімінде сұрақтар туындамайды және көп уақыт та жұмсалмайды. Тіркелгеннен кейін «102» қосымшасын пайдалану алгоритмі де оңай, кнопкалардың атауын қарап өтсе жеткілікті.
Тыныштық пен абаттандыру ережелерін бұзу, ұсақ бұзақылық және жол ережелерін елемеу фактілері – «102» қосымшасын белсенді пайдалану қоғамдағы ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік принципін нығайтуға көмектеседі. Сондай-ақ, жаңа өнім ата-аналар үшін тиімді құрал болып табылады; қиын жағдайда қажеттілігі мен маңыздылығын түсіндіре отыра, баланың смартфонына қосымшаны жүктеп беру жеткілікті. Осының бәрін полицейлер облыс тұрғындары жаңашылдық интерфейсі мен мамандардың нұсқауларын өз көздерімен көруі үшін арнайы шақырылған жергілікті телеарналарға берген брифинг барысында Жедел басқару орталығында айтты.
Жыл басынан СҚО полициясына 3 225 өтініш келіп түсті. «102» қосымшасы қосылғаннан бері он шақты хабарлама келіп түскен, басым бөлігі – жазбаша. Дей тұрғанмен, 6 ақпан күні аудан тұрғыны хабарласып, көлікті тұраққа қою ережелерінің бұзу фактісі бойынша шара қабылдауды өтінген.
СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев полицияның сервистік жұмысында аталған бастама тиімді құрал екенін атап өтті. Полицейлер барлық бейжай қарамайтын азаматтарды аталған қосымшаға назар аударып, пайдаланып көруге шақырады. Тек күш біріктіре отыра, қылмыспен күресіп, қаламызда, ауылымызда, өлкемізде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.