Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясында 52 қызметтік-іздестіру иті қызмет етеді

СҚО полициясында 52 қызметтік-іздестіру иті қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер, тергеушілер мен патрульдік полицейлердің жұмысында Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығынан полицияның төртаяқты көмекшілерінің әлеуеті сенімді тірек болып табылады. Полицияда 52 қызметтік-іздестіру иті қызмет атқаруда, оның 27-сі КҚО базасында күтіледі, ал қалғаны аудандық полиция бөлімдерінде.

Есірткі заттарын, жарылғыш заттарды іздеу, ізбен жұмыс істеу – иттер бұл мақсатқа кеңінен қолданылады. Орталықтағы ең жас ит – Роби лақап атты бельгия овчаркасы; ол бір жас сегіз айда, есірткілерді іздеуге үйретілген. Ең тәжірибесі мол Злата лақап атты неміс овкаркасы, тоғыз жаста, ол да есірткілерді іздеу бойынша жұмыс істейді.

Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаевтың ақпараты бойынша, төрт айда қызметтік-іздестіру иттері жедел-тергеу топтарының құрамына 300 аса тартылды. Олардың қатысуымен 224 қылмыс ашылды, оның басым бөлігі ұрлық. Есірткі заттарын іздеу бойынша қызметтік иттер 24 рет қолданылды, алты қылмыс ашылды. 15 келіден аса есірткі заттары тәркіленді, оның басым бөлігі – марихуана, сондай-ақ гашиш пен  синтетикалық есірткі.
Жуырда қызметтік-іздестіру иттерін қолданудың тағы бір мысалы – 19 жастағы жігіт облыс орталығында жалған алған пәтерде тінту жүргізуі. Полицейлер сол пәтерден «тұз» атауымен белгілі, әсері аса күшті синтетикалық психобелсенді заттардың бірі «альфа-PvP» 341 гр. тәркілеген. Бүгінгі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Самат Төлебаевтың айтуынша, Орталықтың жұмысындағы негізгі басымдылық – үнемі өз білімдерін жетілдіру, ауа райының кез келген жағдайында: адамдар көп жиналатын жерлерде, шектелген аумақта, қала сыртында иттерді жұмысқа үйрету. 
Өңірге жұмыс ісспары барысында солтүстікқазақстандық полицей-кинологтардың жұмысын ұйымдастырумен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке танысты.

ІІМ басшысы полицияның қосалқы буыны ретінде кинологиялық қызметті одан әрі дамытудың маңызыдылыға назар аударды. Министр қылмыскерлерді іздеу және ұстау, есірткі заттарын, әсіресе синтетикалық түрін, сондай-ақ қару мен жарылғыш заттарды табу бойынша қызметтік-іздестіру міндеттерін орындау үшін төртаяқты көмекшілердің әлеуетін жетілдіруді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру