СҚО полициясында Тәлімгерлер кеңесі құрылды
СҚО полициясында Тәлімгерлер кеңесі құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәлімгерлік институты – полициядағы тәрбие жұмысының маңызды құрамдас бөлігі. Аға ұрпақтың тәжірибесі жас қызметкерлерге қызметке үйренуге, кәсіби маман болып қалыптасуға көмектеседі. Аталмыш орган ішкі істер министрінің ҚР ішкі істер органдарында тәлімгерлер кеңесінің ережелерін бекіту туралы бұйрығына сәйкес құрылып отыр.
Осы бұйрықты орындау шеңберінде солтүстікқазақстандық полицейлер ведомство ардагерлерімен кездесу ұйымдастырды. СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин жаңа органның жоспарланған жұмысынан хабардар етті.
Бұдан кейін, 30 немесе одан көп уақытын ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған отставкадағы офицерлер Тәлімгерлер кеңесінің құрамын таңдады. Кеңеске ІІМ құрметті ардагері Хайдар Кәшенов төрағалық етпек. Оның орынбасары болып Қапез Дәулетбаев сайланды. Ардагерлердің екеуі де облыстық ПД бастығының орынбасары лауазымынан зейнетке шыққан. Сондай-ақ кеңес құрамына Мерген Жұмағұлов, Елена Мезёва, Нұрғали Оразалинов, Фарит Бегишев және Мәдина Балғашоқова сияқты тәжірибелі, беделді ардагерлер таңдалды.
Кездесуге төрағалық еткен полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов ардагерлерді жаңа органның жұмысының басталуымен құттықтап, жақын арада аумақтық полиция бөліністеріне барудың кестесін құруды тапсырды.
– Жылдар бойы сақталып келе жатқан игі дәстүрлеріміз бен аға буынның баға жетпес тәжірибесі ІІО-ның кадрлық әлеуетін нығайтуда зор маңызға ие. Жеке құрамның арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуда біздің құрметті ардагерлер басшыларға көмек көрсетіп тұрады, жас қызметкерлермен тәжірибелерімен бөліседі, – деді Айдын Қабдұлдинов.
Полиция ардагерлері бұл жаңашылдықты ерекше ықыласпен қабыл алып, оң бағаларын берді, әрі туған ведомстволарына барынша қолдау көрсетуге дайын екендіктерін айтты.