СҚО ҚАЖ қызметкері Президенттік көпсайыста жүлделі орынға ие болды
СҚО ҚАЖ қызметкері Президенттік көпсайыста жүлделі орынға ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Татьяна Лубинец және СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №51 мекемесінің тексеру тобының бақылаушысы Олеся Нургатина Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қысқы Президенттік көпсайысына қатысты.
Жарысқа ауданның түкпір-түкпірінен 60-қа жуық адам қатысты. Қысқы көпсайыс күш жаттығулары мен шаңғы жарыстарын қамтыды. 29 жастағы Олеся Нургатина 6 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Олеся жасөспірім кезінен бастап шаңғы тебумен айналысып, аудандық және облыстық жарыстарға тұрақты түрде қатысады. Қазіргі уақытта ол үш жасар қызын тәрбиелеп отыр және балалардың дені сау және белсенді болып өсуі үшін ерте балалық шақтан бастап спортқа деген сүйіспеншілікті ояту маңызды деп санайды.
ҚАЖ ардагері, отставкадағы әділет подполковнигі Татьяна Лубинец өмірінің 20 жылдан астам уақытын қызметке арнады. Соңғы лауазымы - №51 мекеменің арнайы бөлімінің бастығы. Қазіргі уақытта көпсайысқа қатысушы 56 жаста. Татьяна Николаевна лайықты демалысқа шыққаннан кейін белсенді уақыт өткізуге көбірек уақыт бөле бастады деп атап өтті. Облыстың ең көркем аудандарының бірінде тұрып, ол табиғатта жиі серуендейді.
Жарыс қорытындысы бойынша Олеся Нургатина екінші орынды иеленді. Қызметкерге лайықты медаль мен грамота табысталды.