Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның шалғай аудандарында полицейлер тәртіптің жай-күйін талқылады

СҚО-ның шалғай аудандарында полицейлер тәртіптің жай-күйін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Абылғазы Ғабдуллин Айыртау ауданы мен Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардың полиция бөлімдерінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті. ҚР ішкі істер министрлігінің бөліністеріндегі тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы шолумен таныстырды.

Абылғазы Ғабдуллин мемлекеттік қызметшінің абыройына нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық қылмыстары, құқық бұзушылықтары, қызметтік тәртіптің бұзылуы үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салды.

Полиция қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қызметкерлердің қатаң сақтауы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудағы міндетті шарт болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру