Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін 289 учаскелік полицей қамтамасыз етеді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен Петропавлда өткен кеңесте учаскелік полиция инспекторлары мен жергілікті атқарушы биліктің өзара іс-әрекетінің жасасуының нәтижесі туралы баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті бастығының айтуынша, жергілікті атқарушы органдар, полиция және жұршылық профилактика жүйесіндегі негізгі топ ретінде анықталды.

Учаскелік полиция инспекторларының қызметі қауырт әрі жан-жақты, бұл қызметкерлер барлығына жауап береді. Ауылдық инпекторлар жұмысының өз ерекшеліктері бар: кей жағдайда учаскелік полиция инспекторының бір уақытта бірнеше елді мекенде болуы қажет, ал қалада тұрғындар тығыз орналасқан және полиция қызметкерлерінің саны ауылдық жерге қарағанда әлдеқайда көп.

Айдын Қабдұлдинов 8 айдың қорытындысы бойынша өңірде қылмысты тіркеудің 4,7% артқаны байқалатынын, дегенмен адам өлтіру, ұрлық және мал ұрлығы сияқты резонанстық қылмыс түрлерінің саны кемігенін атап кетті. Алайда проблемалық мәселелер де жетерлік, олардың бірі – тұрмыстық маскүнемдік. Спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын 3 мыңнан астам тұлға полиция есебінде тұр, олардың 76-сы биылғы жылы есепке қойылған. Сол кезеңде алкогольге және есірткіге тәуелді 142 адам мәжбүрлеп емдеу орындарына жіберілді.

Айта кетсек, жыл басынан бері 191 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, есірткі өткізудің 99 фактісінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 573 келі астам түрлі есіркі құралдары, оның ішінде 6 келідей синтетикалық есірткі алынды.

Учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерінде қылмыстардың профилактикасын ғана жүргізіп қоймайды, елді мекендегі абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылайды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 10 мыңнан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрғындардың жайлы өмір сүрулеріне жағдай жасау және елді мекендердің санитарлық жағдайын таза ұстау мақсатында аталған жұмыс бағыты СҚО ПД басшылығының күнделікті бақылауында.

Кеңес барысында қызметтерін адал атқарғандары үшін бірқатар учаскелік полиция инспекторлары СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің марапатына ие болды.

– Мемлекет басшысы барлық мемлекеттік аппарат пен қоғамның күш біріктіруін талап ететін, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігіне баса назар аударды. Басты міндеттердің бірі – Қазақстанды жайлы және қауіпсіз өмір сүру аймағына айналдыру, – деп атап кетті баяндама соңында Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру