Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғындары полицейлерге шабуыл жасағаны үшін бас бостандықтарынан айырылды

СҚО тұрғындары полицейлерге шабуыл жасағаны үшін бас бостандықтарынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері ескерткендей, өмір мен денсаулыққа қауіпті болмаса да билік өкілдеріне қатысты күш қолдану үшін ауыр қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мысалы, қазіргі уақытта Мамлют ауданының аудан орталығы Мамлютка қаласының үш тұрғыны бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. Биылғы жылдың наурыз айында мамлюттік үш тұрғын көппәтерлі үйдің ауласында спирттік сусындар ішіп отырған.

Оларды қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген екі учаскелік инспектор байқап қалады. Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұл әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылық екенін айтып ескерту жасаған. Олар полицейлердің ескертуін елемей жұдырық ала жүгірген. Учаскелік полиция инспекторларының бірі ескерту жасап, табельдік пневматикалық қарудан аспанға оқ атуға мәжбүр болды. Тек осыдан кейін ғана бойларында алкоголь бар құқық бұзушылар тынышталды.

– Аталған факті бойынша 21, 28 және 39 жастағы үш күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары және соттың қарауы жарты жылға созылды. Қыркүйек айында оларға үкім шығарылды. Кінәлілердің үлкені 3 жыл 6 айға, басқа екеуі 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Тәжірибе көрсеткендей, билік өкіліне қатысты күш қолданудың әр дерегі спирттік ішімдік ішу салдарынан жасалады. Азаматтардан осындай құқық бұзушылықтар үшін заңмен көзделетін жауапкершілік туралы ұмытпауларын сұраймын, – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру