Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғындары «Жолда қабылдау» акциясының екі күнінде 346 сұраққа жауап алды

СҚО тұрғындары «Жолда қабылдау» акциясының екі күнінде 346 сұраққа жауап алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ашықтық пен қолжетімділік – қазіргі қазақстандық полиция жұмысының маңызды өлшемдерінің бірі. СҚО Мамлют ауданында полиция қызметкерлері «Жолда қабылдау» акциясын пайдаланып, өзекті мәселелер бойынша халыққа жүгініп, жергілікті тұрғындарды қандай сұрақ толғандыратынын жақсы білді.

Тәртіп сақшылары белсенділер мен еріктілерді шақырды, жергілікті көркемөнерпаздар ашық аспан астында концерт ұйымдастырды. Мамлют тұрғындары жол қауіпсіздігі тақырыбындағы суреттер байқауында таланттарын көрсетті.

Айта кетерлік жайт, апаттың алдын алу халықпен кездесудің басты тақырыптарының біріне айналды. Электрсамокаттар мен скутерлердің жүргізушілеріне полицейлер шағын көліктерді қалай дұрыс пайдалану керектігін айтты. Сондай-ақ адамдарға заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді, оған сәйкес отбасылық-тұрмыстық саладағы бірқатар құқық бұзушылықтар қылмыстық кодекске ауыстырылады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері «Кибер-шериф» жүйесімен жабдықталған патрульдік көлікті көрсетті, бұл жергілікті балаларда ерекше әсер қалдырды.

Акцияның барысы Instagram-да тікелей эфирде көрсетілді. Іс-шараға аудан әкімі Елена Степаненко, аудандық мәслихат төрағасы Жанара Кәрімова қатысты. Сондай-ақ ауданға СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов және облыстық полиция ведомствосы басқармаларының басшылары барды. Олар аудандық ПБ бастығы Петр Климовпен және барлық полиция қызметінің өкілдерімен бірге тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Адамдар жақын шетелден келген туыстарын қалай тіркеуге, әкімшілік айыппұлды қай мерзімде төлеуге болатынын білді. Көлік құралдарын тіркеу бойынша сұрақтар да айтылды.

Мұндай жұмыс тұрақты негізде жүргізілуі тиіс. Әрбір учаскелік инспектор адамдарға туындаған мәселелер бойынша түсініктеме беруі тиіс. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру-құқықтық тәртіптің сенімді іргетасы, – дейді Ысмағұлов.

Жолда қабылдау бөлмесі” полиция департаментінің барлық аумақтық бөлімшесінде өткізілді. Акцияның 2 күнінде тікелей байланыс кезінде, әлеуметтік желілер эфирінде және Call-орталықтың телефонына тәртіп сақшылары 346 сұраққа жауап берді. Оның көп бөлігі жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болды. Өтініш білдіргендердің барлығы толық жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру