Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны өлімге әкеліп соққан жол апаты үшін 6 жылға сотталды

СҚО тұрғыны өлімге әкеліп соққан жол апаты үшін 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 жыл бас бостандығынан айыру — өлімге әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына жол бергені үшін солтүстікқазақстандыққа қатысты сот осындай үкім шығарды. Қайғылы оқиға сәуір айында болды.

Сот материалдарына сәйкес, бұрын 7 жылға басқару құқығынан айырылған Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 33 жастағы тұрғыны «орта дәрежелі» мас күйінде өзінің Nissan автокөлігінің рөліне қайта отырған. Ауылдық көшеде 30 км/сағ аспайтын жылдамдықты шектеу белгісін елемей, ол 50 жастағы жергілікті тұрғынды соғып кетті. Жарақат алған жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Соқтығысқаннан кейін Nissan автокөлігі бірнеше рет аударылып түскен.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Бұл бөлік абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде басқарғаны үшін жазаны білдіреді. 13 маусымда сот ауыл тұрғынын 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

– Мұндай оқиғалар, өкінішке орай, тиісті жүргізуші тәртібі болмаған кезде болады. Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы болды. 4 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін нығайту бағытында үнемі жұмыс істейді. Қаңтар айынан бастап СҚО жолдарында 117 мас жүргізушісі ұсталды. Олар үшін жаза – 15 тәулік әкімшілік қамауға алу және 7 жылға басқару құқығынан айыру. Кейбіреулер сот шешімін елемей жатады және қайтадан рөлге отырады, сонымен қатар мас күйде. Заңға мұндай немқұрайлылық танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар. Биыл осындай 18 факті тіркелді. Полиция қызметкерлері бұдан былай да мас күйінде басқару фактілерін жою үшін барлық шараларды қабылдайтын болады, – дейді СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру